Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ойындар фестивалі өтті

Логиканы, ептілікті және креативті ойлауды дамыту. Ұлттық ойындар – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Елордада 15-тен астам этномәдени бірлестік өкілдері бас қосып, өздерінің ұлттық ойындарын ұсынған фестиваль ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

Олардың әрқайсысы этностың белгілі бір әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ғана көрсетіп қоймай, оның тарихы мен дамуы туралы түсінік береді. Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері өздерінің дәстүрлерін, соның ішінде ойын түрлерін сақтап келеді. Мысалы, башқұрттар жастықпен төбелесу ойынымен танымал болса, армяндар мен әзербайжандар әлемге нарды ойынын сыйлады. Ал шығыс халықтарының арасында сурет бейнелермен ойналатын ойындар танымал. Мысалы, корейлердің «Хато» ермегі. Бұл – Жапониядан келген ойын.

ТАМАРА ШЕГАЙ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРЕЙ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Хато – бізде, біздің этникалық ортада өте танымал ойын түрі. Ол дам көп ортада ойнатылады. Хато Жапониядан келген, ол жақта оны «түсті карталар» деп атайды. Барлығы 48 карта, 12 түсі бар, әрбірінде 4 картадан.

Қазақ халқының ұлттық ойындары фестиваль көркін қыздыра түсті. Қонақтар үшін арнайы «Асық ату» ойыны бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: assembly.kz