«Астана Опера» театрында «Алые паруса» мюзиклінің премьерасы өтті

Мызғымас сенім мен бәрін де жеңетін асқақ арман туралы жыр. «Астана Опера» театрында «Алые паруса» мюзиклінің премьерасы өтті. Александр Гриннің махаббат туралы романтикалық туындысын елордалық өнерсүйер қауымға Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының труппасы ұсынды, - деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

АМАНТАЙ ИБРАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл мюзикл – қажеттіліктен туындаған шығарма. Себебі бүгінгі күні театр саласында, оның ішінде музыкалық жанрда сұранысқа ие. Ал «Алые паруса» мюзиклі көпке жақсы таныс. Оны сахналау үшін музыкалық театр өнері саласындағы жетекші режиссер Сусанна Цирюк арнайы шақырылды. Сондай-ақ бұл бағытта тәжірибесі мол тамаша балетмейстермен бірге жұмыс істедік.

Заманауи би өнерінің үздік дәстүрлеріндегі жарқын хореографиялық композициялар музыкалық спектакльді қызықты ете түсті. Ал елордалық театр сахнасының техникалық мүмкіндіктері мұқият ойластырылған костюмдермен бірге көрермендерге сол уақыттағы атмосфераға енуге мүмкіндік берді.

ВИКТОР ИГУШКИН, ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКА АКАДЕМИЯСЫ ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Бұл – үлкен опера сахнасы, елдің басты сахнасы. Кез келген театр актері үшін мұнда өнер көрсету зор құрмет және үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Мен Эгльдің партиясын орындаймын. Бұл – спектакльдің барлық кезеңінде басты кейіпкерді жүргізетін елші.

Қарағанды музыкалық комедия театрының репертуарында 300-ге жуық қойылым бар. Труппаның шығармашылық әлеуеті әрқилы туындыларды сахналауға мүмкіндік береді. Артистер заманауи музыкалық қойылымдармен қатар әлемдік классикалық опереттаның інжу-маржандарын орындайды. Қарағандылық өнерпаздар солардың бірі – атақты венгр композиторы Имре Кальманның «Баядерасын» елордалық көрерменге арнайы әзірледі.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: elorda.info