Ұлттық музейде мультимедиялық зал ашылады

Қазіргі заманғы форматтағы тарихи коллекциялардың тұсаукесері. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде мультимедиялық 3D залы ашылды. Сандық алаң келушілерді Ұлы даланың ежелгі шежіресінің бай әлеміне жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кіргізуге уәде береді, - деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Қонақтарды қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде сөйлейтін виртуалды кеңесші қарсы алады. Гид залға кіру ережелері туралы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы туралы да айтып береді. Одан әрі ол музейдің тарихи экспонаттарымен, сондай-ақ бірегей мәдениет ескерткіштерімен танысуға болатын сандық форматта 3D панорама бойынша экскурсия өткізеді.

МАДИНА ЫБРАЙЫМ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ:

- Бұл аймақта арнайы дисплей және touch-пад бар. Олар бірге біріктіріліп, алтын мен күмістен, қола мен темірден жасалған әшекейлердің және картиналардың көп бөлігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көрікті жерлерінен тарихи 3D тур көрсетеді.

Қазақстанның әр түрлі табиғи объектілері мен киелі жерлеріне, қызықты саяхатқа басқа да заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен баруға болады.

ӘЙГЕРІМ ӘКІМЖАНОВА, КОРРЕСПОНДЕНТ:

 - Басқа арналған шлем мен виртуалды шындық кабинасының көмегімен Ұлттық музейдің қонақтары біздің еліміздің аумағында бұрын болған өркениеттердің мәдениетімен жақын таныса алады.

МАДИНА ЫБРАЙЫМ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ:

 - Екінші жағынан бұдан басқа бізде мұнда арнайы джеттер бар. Виртуалды түрде шындықты көрсететін шлемдермен бірге осындай машиналар бар.  Одан кейін ең соңғы бөлік – Кейф деп аталатын жаңа технология. Онда кеңістікте қабырғалардың бетінде арнайы бейне шығады, сонымен қатар қозғалатын графикалық бейнелер бар, яғни анимацияланатын бейнелер.

Ауданы 240 шаршы метрден тұратын зал көрмелер өткізумен қатар, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу бастамаларын өткізуге арналған. Виртуалды турлар, сфералық 3D панорамалар, интерактивті кітаптар. Осы сандық мүмкіндіктер еліміздің бас музейінде тек шетелдік туристерді тартумен ғана емес, еліміздің тарихына жас, өсіп келе жатқан жаңа ұрпақты жақындатуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Ұлттық музейде мультимедиялық залдың ресми ашылуы 29 тамызға жоспарланған. Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: strategy2050.kz