Елордада «Бақытты билет» жастар театрларының халықаралық фестивалі өтті

Қазақстан мен Ресейдің шығармашыл өрендері елордада бас қосты. «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Шараға қос мемлекеттің бес әуесқой театры 6 қойылыммен келген. Фестиваль ұжымдарға өзара тәжірибе алмасып, кәсіби сахнада өз өнерлерін көрсетуге, жаңа деңгейге шығуға жақсы мүмкіндік, дейді ұйымдастырушылар. Айта кету керек, фестиваль елорда әкімдігі мен Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

БАУЫРЖАН ТОҒЫЗБАЙ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Қандай айырмашылық бар өткен жылмен салыстырғанда? Өткен жылғы ашылу «Алиса ғажайыптар елінде» стилінде болған. Биыл біз классикаға бет бұрдық. Бізде жас аралығы шектеусіз. Мүшелері әлі тым жас театрлар бар, сондай-ақ кемел жастағы актерлері бар ұжымдар да бар.

АЛЕКСАНДРА БЕБЕНИНА, «ЛЕС ЧУДЕС» ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:

 - Мұндай фестивальдерде жаңа адамдармен танысуға, шығармашылық жаңашылдыққа бет бұруға мүмкіндік бар. Мысалы, өткен жылы біздер шеберлік сыныптарына қатыстық, таныстық басқа театрлармен. Бұл шынымен тәжірибе береді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: zhastar-theatre.kz