Қазақстанда алғаш рет әскери ұшқыштар туралы көпсериялы фильм түсірілуде

Қазақстанда кино индустриясы дамып келеді. Елімізде алғаш рет ұшқыштар туралы көпсериялы фильм түсіру қолға алынды. Әскери ұшқыштар жайлы сериалға әскери техникалар, тікұшақ, жойғыш ұшақтар да көптеп тартылған. Мысалы, Су-30СМ. Бүгінде оны шетелдік кинокартиналардан кездестіре алмайсыз. Көркем фильмде махаббат хикаясы да көрсетіледі. Туынды көрермен көңілін бірден жаулап алады, - дейді авторлар. Фильмнің желісіне арқау болған оқиғалар шынайы өмірден алынған.

МАКСИМ АКБАРОВ, БАС ПРОДЮСЕР:

- Әрбір серия – романтикалық оқиғадан ғана құралмайды. Онда махаббат иірімдерімен қатар төтенше жағдайлар да бар. Біздің өмірімізде орын алатын ұшақтарға, тікұшақтарға байланысты түрлі жағдайлар. «Дала қырандары» сериалын әйелдер ғана емес, сонымен бірге бала кезінде ұшқыш болуды армандаған бүкіл ер азаматтар да қызыға тамашалайды деген ойдамыз.

Бұл түсіру тобының тауда жоғалып кеткен шетелдік туристерді іздеуге шығу эпизодын пысықтап жатқан сәті. Түсірілім әскери аэродромда жүріп жатыр.  Жас актриса Фариза Ескермес әуе базасындағы жалғыз ұшқыш әйелдің бейнесін сомдайды. Бұл мен үшін өте маңызды роль, - дейді ол.

ФАРИЗА ЕСКЕРМЕС, АКТРИСА:

-  Мұндайды біз өмірде көрмегенбіз. Мынадай тікұшақта ұшып көрмегенбіз. Кейіпкерімнің есімі – Мәдина. Ол – жалғыз ұшқыш. Жігіттердің арасында жалғыз өзі, казармада да бірге жатады. Солармен бірге ұшады, бірге берілген тапсырманы орындайды және кейбір жігіттерден де өте керемет орындайтын кездері болады.

Сериал «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен, еліміздің Қорғаныс министрлігінің қолдауымен түсіріліп жатыр. Фильм 12 сериядан тұрады. «Дала қырандары» алдағы күзде қалың көрерменге жол тартады.

Фото: sputniknews.kz