Ержан Максим «Junior Eurovision» байқауына дайындығын бастап кетті

Белгілі жас әнші Ержан Максим балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін «Junior Eurovision 2019» байқауына дайындығын бастап кетті. Жас өнер иесінің халықаралық дарындылар додасына қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағына мүше болуы және жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде мүмкін болды. Бүгінгі таңда Ержанға арнап композиторлар жеке туынды жазуда. Айта кетейік, байқау 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтеді. Халықаралық ән байқауында биыл 19 өрен бақ сынайды.

ЕРЖАН МАКСИМ, ӘНШІ:

- Дайындық әзірше жақсы. Репертуар жағын әлі таңдаған жоқпыз. Елімнің үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Осы Евровидение байқауын жеңсем деген ойдамын.

Фото: Хабар 24