Димаш Құдайберген жаңа клипін Еуропада түсірмекші

Димаш Құдайберген жаңа клипін Еуропада түсірмекші

Әлемге ерекше диапазонымен танылып үлгерген Димаш Құдайберген өзінің кезекті клипін түсіру үшін Еуропаға аттанды, - деп хабарлайды Kazakh TV.

«Франция-Исландия. Біз жаңа клип түсіру үшін кетіп барамыз», деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Бұл хабарламаны көрген қазақстандық әнші Алишер Каримов аталмыш мемлекеттерде клип түсірмек ойы болғанын пікір ретінде қалдырған.

Әншінің жаңа клипі болашақта көпшіліктің көңілінен шығып, тыңдармандарын тағы да таңғалдырады деген үміттеміз.