Қазақстандықтар Корея мәдениетімен танысуға неге ынтық?

Қазақстан мен Корея Республикасының мәдени ынтымақтастығы кеңейе түсуде. Жыл өткен сайын қазақстандықтардың корей музыкасына, киносына, тағамы мен тіліне деген қызығушылығы артып келеді. Тұрғындарға ел туралы көбірек білуге корей мәдени орталығының қызметі мүмкіндік береді. Оның ішінде Корея тарапынан өз халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған түрлі көрмелер, шеберлік сыныптары мен жәрмеңкелер тұрақты негізде ұйымдастырылып тұрады. Корея мәдениетімен танысудың тағы бір жолы – тұрақты негізде өткізілетін кинокөрсетілімдер.

ЛИ ХЕ-РАН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Бір фильмді таңдап, оны апта бойы көрсетеміз. Кіру тегін, сондықтан корей мәдениеті мен тілінде қызығушылық танытатын әрбір адам келуіне әбден болады. Біз фильмдерді классикадан бастап заманауи фильмдерге дейін, түрлі жанрда көрсетеміз. Кино – елдің мәдениетімен, оның өмірімен танысудың ең жақсы тәсілдерінің бірі, сондықтан да біздің кинокөрсетілімдеріміз елорда тұрғындары арасында аса танымал.

Корейлер де Қазақстанға қызығушылық танытуда. Орталық директоры Ли Хе-Раның айтуынша, әлеуметтік желілердің арқасында Оңтүстік Кореяның жастары республика туралы біліп, елімізге келуді армандайды екен. Әсіресе корей туристері арасында Қайыңды, Шымбұлақ және Шарын шатқалы сияқты табиғи сұлу өлкелер ерекше танымал.

Фото: weproject.media