«Junior Eurovision 2019» ән байқауында Қазақстан намысын Ержан Максим қорғайды

«Junior Eurovision 2019» ән байқауында Қазақстан намысын Ержан Максим қорғайды

Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев биылғы «Junior Eurovision 2019» ән байқауында еліміздің атынан кім өнер көрсететінін атады, деп хабарлайды Хабар 24.

«Қымбатты достар! 

Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүние жүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді.

«Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтижесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді», деп жазды Абаев фейсбукте.

Фото: sputniknews.kz