Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж Францияда жалғасын тапты

Абайдың 175 жылдығына орайластырылған әдеби эстафетаға өзге елдер де қосылуда. Бұл жолы жарыс. Ұлы ақынның шығармалары елшілік жанындағы мәдени орталықта оқылды. Кемеңгер ақынның өлеңдерін оқуға, дипломаттарымыз да белсенді атсалысты. Марафонға Франция әдебиетінің құрметті профессоры Альбер Фишлер қатысты.

Бұл шара Франция астанасы Париж қаласының көрікті жерлерінде түсірілді. Шараға қатысушылар қазақ ақыны әрі философы Абай Құнанбаевтың бай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасының ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті.     

ШАРЛЬ СНЕЖКО, ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Қазақ тілін үйреніп жүргеніме шамамен 1,5 жылдай болды. Сол себептен Абай құрметіне ұйымдастырылған жарысқа қатыстым. Мен тіл меңгеруде біраз жетістікке жеттім, өз ойымды еркін жеткізе аламын. Алайда әдеби тілде сөйлеп, Қазақстан мәдениетін терең білгім келеді. Тіл үйренгенде, мәдениетті де зерттейсің, сондықтан бұл мен үшін қажет дүние.

Эстафета көрші елде де кең құлаш жайды. Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңін оқыды.

МИХАИЛ ШВЫДКОЙ, РФ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

- Наш холоден ум, наподобие льда,

 Горячее сердце согреет всегда.

 Разумности такт, прозорливости терпения в нас рождает тугая узда. Держа в единении ум, сердце и волю,

 Ты к ценности редкой придешь без труда.

Еске салайық, келер жылы Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады. Осыған орай, халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейлерде түрлі ауқымды шаралар өткізу жоспарланған.