«Астана Опера» театрында «Қыз Жібек» операсы қойылды

«Астана Опера» театрында «Қыз Жібек» операсы қойылды

Ұлттық өнердің інжу-маржаны. «Астана Опера» театрында «Қыз Жібек» операсы қойылды. Заманауи технологиялық әдістер мен айқымды декорацияларды қолданудың арқасында лиро-эпостық поэма түрлене түсті. Мысалы, шаһар қабырғалары шынайы көлемдегі ғимаратымен бірдей деуге болады. Артистердің жарқын костюмдері, бейнеинсталляциялар, жарықпен безендіру және халық музыкасы қойылымды толықтыра түсті. Осылайша, ұлттық классика жауһары мүлдем жаңаша сипатқа ие болды. Алайда Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббат хикаясы негізінде құрылған операның мән-мазмұны сол қалпы. Солистер мен оркестр музыканттарының мінсіз шеберлігі және үйлесімді еңбегі өнерсүйер қауымды бей-жай қалдырмады.

ЕРЕНБАК ТОЙКЕНОВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

Бұл ұлттық опера – техникалық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды қойылым. Декорациялары ірі әрі жиі ауысып тұрады. Безендірілуі жағынан өте әдемі қойылым. Драмалық музыкалық спектакль толыққанды операға айналды. Мұнда диалог деген жоқ, бәрі де әуенмен айтылады.

Драматург, жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» операсы алғаш рет 83 жыл бұрын сахналанды. Композитор Евгений Брусиловский қазақтың халық әндерін, Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұсаның шығармаларын және Тәттімбеттің күйлерін пайдаланған.

Фото: astanaopera.kz