Қазақстан: Кинотуризмнің жаңа бағыты

Қазақстан кинотуризмнің жаңа бағытына айналуы мүмкін. Еліміздің тұмса табиғаты мен көрікті жерлерін өз көзімен көрген әлемнің ірі киностудияларының өкілдері осылай айтып отыр. Алматы және Маңғыстау облыстарын аралаған киногерлер Шарын шатқалы, әйгілі Шерқала тауын, шар алқабын, жерасты мешіттерін тамашалар, жартастағы соқпақ жолдармен жүріп, таңданыстарын жасырмады. Кинематографистер барлығын таспаға түсіріп алып, бейнематериалды Голливудтағы әріптестеріне таныстыратындарын жеткізді. Шетелдік мамандар бұл сапардың ерекше шабыт бергенін айтады.

СИМОНА РОМАН, КИНОАКТРИСА, ПРОДЮСЕР:

 - Қазақстанға алғаш келуіміз. Маңғыстауға келіп, ертегі елінде жүргендей болдық. Табиғаты мен тарихи ескерткіштері таңғалдырды. Тек тау-тасымен ғана емес, қазақ халқының тарихымен және салт-дәстүрімен де танысуға мүмкіндік алдық. Алған әсерімізді жеткізе алмай отырмын. Алдағы уақытта осы елде кино түсірсек пе деген жоспарымыз бар.

Фото: Хабар 24