Елордада алғаш рет құрақ көрпе тігуден «Korpe Fest» фестивалі өтті

Елордада алғаш рет құрақ көрпе тігуден «Korpe Fest» фестивалі өтті

Елордада алғаш рет құрақ көрпе тігуден «Korpe Fest» фестивалі өтті. Қазақтың ұлттық жастықтары мен көрпелерін дайындауда өз шеберліктерін көрсету үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген қолөнершілер жиналды. Олардың барлығы танымал отандық этно-дизайнер Ырза Тұрсынзаданың арнайы оқу сабақтарынан өткен.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ЭТНО-ДИЗАЙНЕР:

-  Біздің ежелгі қолөнерімізді, ежелгі дәстүрлерімізді жаңғырту арқылы біз Ұлы даланың анасын, әйел затын қайта қайтарамыз. Мен жыл өткен сайын біздің әйелдеріміздің басқа болып баратынын байқаймын. Олар дана, шыдамды бола түскен. Мен нағыз қазақ әйелін көремін. Қолөнершілер байырғы мәдениетті сақтайды.

Құрақ көрпе тігу техникасы алысқа, өткенге тамырымен кетеді. Бірақ бүгінде ол қайта жанданып, кең танымалдылыққа ие болуда. Бұдан басқа, бұл қолданбалы өнердің түрі кейбір қолөнершілер үшін хобби ғана емес, бизнестің тиімді түрі болып табылады.

ГҮЛІМ ЕРЖАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

 - Біз бір-бірімізді көрген сайын таңғалып, таңырқаймыз. Мен бұл іске қызыққан себебім, бала кезімнен көріп өстім. Менің әжелерім, арғы әжелерім барлығы қолөнермен айналысқан. Бізде біраз уақыт айналыстық, әрине кейін ұмытылып қалды ғой. Бүгінгі таңда менің ойымша, біз өз балаларымызды, немерелерімізді осы дағдыларға одан әрі үйретуге, ұмыттырмауға тиіспіз. Неліктен? Өйткені біз өз қолымызбен Қазақстанның гүлденуіне көмектесуіміз керек. Біз мұны сақтап, жеткізуіміз керек.

ЗИУАР ЖҰМАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

- Ырза ханымның сабағына қатысу – менің арманым еді, арманымның бірі орындалды. Ол кісінің жұмыстарын көптен бері инстаграм парақшасынан қарап отырдым. Әрине қуаныштымын. Ұлттық өнер жалғаса берсін деп айтамын. Өйткені көп қыз-келіншектер, аналар қатысқысы келеді.

Фестиваль аясында көп балалы әйелдер үшін тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін оқыту сабақтары, сондай-ақ қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлі бұйымдарының көрмесі өтті.

Фото: bnews.kz