Нұр-Сұлтанда «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтті

Нұр-Сұлтанда «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтті

Көкке самғаған акробаттар, ақылды жануарлар, аң баптау шеберлері, әсерлі декорация мен жарқын костюмдер. Осы және басқада цирк өнерінің күрделі шоу бағдарламасына «Азия жаңғырығы» фестивалінің көрермендері қанық болды. Елордада 12-ші рет шымылдығын түрген байқау төрткүл дүниенің хас шеберлерін жиды. 13 елдің 60-қа тарта майталманы өнер көрсетті. Ерекше бағдарлама аясында Гиннестің рекордтар кітабына енген мың бұрала билеген пілдер қойылымы ұсынылды. Цирк өнерінің бәйгесіне түсетін қатысушыларды халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы бағалады. Биылғы байқаудың енді бір ерекшелігі әйгілі Чарли Чаплиннің ұлы Юджин Чаплин де сайыскерлердің бабын сынады.

КАМИЛА ХАМЕТОВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ, ӨЗБЕКСТАН:

-  Бұл біздің аталмыш фестивальге алғаш қатысуымыз емес. Алайда арқан бойымен жүретін өнерімізді тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынғалы тұрмыз.