Қазақстандық бишілер Париж мэриясы сахнасында өнер көрсетті

Қазақстандық өнерпаздар Париж мэриясы сахнасында Ұлы дала тарихын бимен өрнектеді. Топтың жетекшісі Дана Мұса – Франциядағы дарындылар шоуының ақтық сынына қатысушы.

Дана Мұса тобының дайындығына қарап, Ұлы дала тарихын қазіргі заман биімен қалай жеткізетіндігін елестету қиын. Қазақстандық шебер өз шәкірттерімен бірге жобаны 1 жыл бойы әзірлеген. Спектакль көшпенділер мен олардың рухани мәдениетіне арналған.

ДАНА МҰСА, ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ҚҰРУШЫ:

 - Бұл адамның жырақта жүрсе де өз тарихын ұмытпайтынын көрсетеді. Ертең Бразилия немесе Жапонияға барсам, тура осындай спектакль қоятыныма сенімдімін.

Сахнада 11 биші әлемнің ортақ тарихын баяндайды. Этнобалетте Ұлы дала бүкіл адамзат тарихының бастауы ретінде беріледі. Жергілікті халықтың да биші қыздың жаңа қойылымына деген қызығушылығы жоғары.

САУАЛНАМА:

1. Керемет әсер алдым. Мен оның Париждегі этнобалет бастамасын көргем. Қазір би тобын құрып, трилогия қойып жатыр. Тамаша.

2. Спектакль өте қызықты болды. Маған ұнады.

Қазақстандық биші отанына деген махаббатын шығармашылық арқылы білдіреді. Олар алдағы уақытта да көпшіліктің көңілінен шығар көптеген шығармаларды сахна төріне ұсынбақ.

Фото: stan.kz