Нұр-Сұлтанда «Жасай бер, Қазақ елі» патриоттық әндер кеші өтті

Нұр-Сұлтанда «Жасай бер, Қазақ елі» патриоттық әндер кеші  өтті

Қазақстан астанасында «Жасай бер, Қазақ елі» атты патриоттық әндер кеші  өтті. Іс-шара еліміздің бас шаһарының мерекесіне арналды. Оған 20-дан астам отандық орындаушы, оның ішінде еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері мен жас артистер қатысты. Арасында Нұржамал Үсенбаева, Бағдат Сәмединова, Айгүл Қосанова, Естай Мұқашев және өзге де қазақстандық эстрада жұлдыздары бар.

Мерекелік кеш қонақтарының назарына еліміздің бай ән мұрасының жауһарлары саналатын композициялар, сонымен қатар заманауи авторлардың жаңа шығармалары да шырқалды. Іс-шараны жыл сайын астаналық академиялық филармонияның солистері ұйымдастырады.

Айта кету керек, концерт еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, дамыту және көпшілікке таныту мақсатында өткізіледі.

ГҮЛНҰР ЖАҚСЫЛЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ СОЛИСІ:

- Сахнаға әр шыққан сайын қатты толқимын. Оған қоса, бұл концерт Елорда күніне арналған. Мұнда біз патриоттық әндерді шырқаймыз. Әрине, бұл бір жағынан қызықты, екінші жағынан толқу да бар. Өйткені көрермендер әннің терең мағынасын түсіну үшін, оны жеткізе алуымыз керек. Бұл концерт жыл сайын өтеді. Мен филармонияда екі жылдан бері жұмыс істеп келемін және аталмыш концертке екінші рет қатысып отырмын. Бүгінгі кешке арнап Байғожиевтің «Туған жер жыр айнам» атты әнін таңдадым.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы күніне арналған мерекелік іс-шаралар туралы толық ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтынан біле аласыздар.