Қырғызстанда егіздер фестивалі өтті

Қырғызстанда егіздер фестивалі өтті

Бішкекте алғашқы егіздердің фестивалі өтті. Аталмыш шараға 200-ден астам отбасы қатысты. Мұндай іс-шараны өткізу туралы бастама осыдан 1 жыл бұрын қолға алына бастаған. Егіздер мен үшемдердің аналары шараның басты ұйымдастырушылары болып табылады.

ГУЗАЛЯ МИРБЕКОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Бастапқыда бір ана Whatsapp желісі арқылы топ құрды. Біз барлығымыз сол жерде жиналып, күні бүгінде дейін сонда ақылдасамыз, сөйлесеміз. Мәселен, кейбір отбасыларда балалар енді туалады, кейбір отбасыларда балалары ер жетіп қалған, қысқасы мұндағы балалар әртүрлі жаста. Іс-шараның басты мақсаты – аналардың басын қосу, жинау, танысу, достасу, балалар үшін ойын-сауық ұйымдастыру, шоу жасау, бізде мұндай шара болмаған, бұл бірінші рет.

Фестиваль барысында ешкімнің іші пыспады. Түрлі байқаулар мен би топтарының қатысуымен сайыстар, шоу-концерттер өтті.

САУАЛНАМА:

- Біз жиі ұрысамыз, өйткені келіспей қаламыз, артынша қайда достасамыз.

- Бұл менің алғашқы үшемім,үшеуі де қыз. Мен – ең бақытты әкемін.

«Бақыт көптік етпейді!» атты егіздер фестивалі жан-жақты қамтып, ауқымды өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, енді іс-шара дәстүрге айналып, жыл сайын өткізілетін болады.

Фото: jebe.media