Астана күніне арналған Ұлттық музейдің мәдени бағдарламасы

Астана күніне арналған Ұлттық музейдің мәдени бағдарламасы

Танымал отандық және шетелдік суретшілердің туындыларының вернисажы, жас қылқалам шеберлерінің суреттер көрмесі, Халықаралық Жазушылар форумы, сондай-ақ қазіргі заманғы қазақстандық кескіндемешілердің туындыларының экспозициясы. Астана күніне орай Қазақстанның Ұлттық музейі бірегей мәдени бағдарлама дайындауда. Ол 2-ші шілдеден 6-шы шілдеге дейін жоспарланған. Айта кету керек, мұражай қорының коллекциясынан қала тұрғындары мен қонақтарына Әбілхан Қастеев, Жанатай Шарденов және Гүлфайрус Исмаилов сынды танымал қазақстандық суретшілердің жұмыстары ұсынылады. Сонымен қатар мерекелік аптада түрлі шығармашылық кездесулер мен шеберлік сыныптары өтеді.

АБАЙ САТЫБАЛДИН, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Астана күніне орай Ұлттық музей де қызықты мәдени бағдарлама дайындап жатыр. Біз негізінен 3 үлкен көрмені жоспарлаудамыз. Сонымен қатар біз қала күніне арналған музей сабақтарын, лекцияларды, экскурсияларды жоспарлап отырмыз. Міне, осындай бағдарлама музей келушілері үшін қарастырылған.

Атап өтейік, жыл сайын еліміздің бас музейіне 300 мыңнан астам адам келеді. Алтын, этнография, ежелгі және орта ғасыр тарихы залдары аса танымалдылыққа ие.