Мұрын жырау Сеңгірбекұлы тұрған үй жөнделіп жатыр

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы тұрған үй жөнделіп жатыр

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы тұрған үш бөлмелі үй жөнделіп жатыр. Абыл, Нұрым, Қашағанның ізін жалғап, «Қырымның қырық батырын» бүгінгі ұрпаққа жеткізген жырау осы өңірдің Қоңыр-орпа дейтін жерінде туған. Әкесі салған ұстаханада жастайынан еңбек етіп, зергерлік бұйымдар жасауды үйренеді. Есейе келе ақындармен ел кезіп, жыршылық өнерге ден қояды. Ол 1900 жылдары қоныстанған баспана кейін музейге айналды. Оны қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ музейге қосалқы ғимарат салынуда. Жоба құны – 180 млн теңге. Мұнда кітапхана, шеберхана мен көрме залдары болады. Айта кетейік, қазақ ауыз әдебиетіне өшпес мұра қалдырған Мұрын жыраудың 160 жылдығы биылғы күзде облыс көлемінде тойланады. 

ШОЛПАН НҰРҒАЛИЕВА, ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - «Қырымның қырық батыры» жырын Сыпыра жыраудан кейін, 5 ғасырдан кейін жырлаған Мұрын Сеңгірбекұлының 160 жылдық мерейтойын атап өту бойынша іс-шаралар, жұмыстар басталып кетті. Бұл мұражайдың тек қана аудан тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар облыс, республика көлемінде үлкен маңызы бар. Адамдарға рухани байлық сыйлайтын мұражай болады деп есептеймін.

Фото: 24.kz