Қасым хан туралы сериал Отырарда түсіріледі

Қасым хан туралы сериал Отырарда түсіріледі

Түркістан облысында түріктің атақты режиссёрі Метин Гюнай «Қасым хан» туралы көп сериялы фильм түсіреді. 75 бөлімнен тұратын туынды жылдың төрт мезгілін қамтиды. Ал түсірілімі 3 жылға созылып, еліміздегі Отырар төбе, Сауран, Сарайшық қалаларында өтеді. Киноға тек қазақстандық актерлар қатысады.

МЕТИН ГЮНАЙ, «ҚАСЫМ ХАН» СЕРИАЛЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

 - Ата топырағымызға келгеніме қуаныштымын. Осы өлкені маған таныстырған ағайынға алғысым шексіз. Біздің тарихымыз ортақ. Тарихи тұлғаның өмірі жайлы түсірілім бастауды қолға алып жатырмыз. Дәл қазір біздің түсірілімге келетін ыңғайлы орындармен танысып жатырмыз. Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы тарихи жерлерді қарастырудамыз. Тағы да үш мекен жоспарда бар.

Метин Гюнайдың айтуынша, Қасым хан жайлы киноның сценарийі дайын. Жоба күрделі әрі ауқымды болғандықтан дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Жалпы осы туынды арқылы Отырар, Сарайшық, Сауран секілді тарихи қалаларымызды бүкіл әлемге таныту көзделген.

Фото: turkystan.kz