«Манас» операсының жаңа нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды

Атақты қырғыз жауынгерлерінің ұлы жеңістері, олардың батырлығы мен Отанға деген махаббаты туралы тарих. Қырғызстанда алғаш рет атақты «Манас» эпикалық поэмасының жаңа нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды. Операны Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында Аспан асты елінің балеттік труппасы орындады.

Опералық қойылымның 4 сахнасының әрқайсысы көрермендерге эстетикалық ләззат беріп қана қоймай, Орталық Азия елінің бай ұлттық нақышын толықтай түсінуге мүмкіндік берді. 100-ден астам адамнан тұратын Қытай әртістері батырлардың бейнесін және алыс уақыттың атмосферасын көрсете алды. Ол үшін ҚХР-нан келген шығармашылық топ  қырғыздардың ерекшелігі мен мәдениетін сезіну үшін бірнеше рет Қызыл-Сууға барған.

ЖҰМАҚ ҚАДЫР, БАС РЕЖИССЕРДІҢ КЕҢЕСШІСІ:

- Біз эпостың барлық нұсқаларын оқып шықтық. Топтың барлық мүшелері қырғыздар тұратын Қызыл-Сууға арнайы барды. Осындай ұзақ зерттеулердің нәтижелерінен кейін осы дүние пайда болды. Көрермендер бағалайды деп үміттенемін.

Операны Жүсіп Мамайдың тікелей ұрпағы бағалады. Оның арғы атасы әлемде аңызға айналған ертегілерді сыйға тартқан, эпостың 18 томының түпнұсқасына түсіндірме шығарған манасшы болған.

ТУРГУНААЛЫ МАМАЙ, ЖҮСІП МАМАЙДЫҢ ШӨБЕРЕСІ:

- Мен тек Жүсіп Мамайдың ұрпағы ғана емес, сонымен қатар «Манастың» орындаушысы ретінде қойылымды ерекше бағалаймын. Біздің ата-бабаларымыздың бейнесін жеткізе алған Қытайдан келген әртістерге ерекше алғысымды білдіремін.

Ерекше костюмдер мен декорациялар, актерлердің кәсіби шеберлігі көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Көрермендердің айтуынша, қытай композиторы жазған музыкада «Манас» эпосының рухы сақталған.

ТАЛАНТААЛЫ БАКЧИЕВ, МАНАСШЫ:

- Манас эпосы әуенде, сөздерде, яғни либреттода және увертюрада бар. Яғни, олардың барлығының болғаны операның «Манас» эпосы бойынша көрсетілгенін айтып тұр.

МҰРАТБЕК БЕРҒАЛИЕВ, КОМПОЗИТОР:

- Қытай тілінде біз ештеңе түсінбедік, бірақ аударма жазу түрінде болды. Біз сондықтан түсіндік. Музыка аударманы қажет етпейді, сондықтан музыкалық бөлікке өте ризамын, өйткені музыкада кәсіби мамандардың көп екендігі байқалды.

Айта кету керек, бұған дейін «Манас» операсы Бейжіңде және Аспан асты елінің басқа да қалаларында қойылды. 

Фото: mir24.tv