Астанада XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Ауқымды шара аясында түрлі ақпараттық-білім бағдарламалары ұсынылады және кинолар көрсетіледі.

ЕРМЕК ТҰРСЫНОВ, «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Көптеген кездесулер, мастер-кластар болады. Үлкен менеджерлер келеді. Олармен ақылдасамыз. Мүмкін көптеген келісімге қол қоямыз. Біз енді тек қана өз сорпамызда өзіміз қайнап жатқан жоқпыз. Қазір кино салада әлемдік өзгерістер болып жатыр. Біз өркениетті ел боламыз десек, кино саласына да көптеген өзгерістер енгізу керекпіз.

ДЖЕЙ ФУТЛИК, «ЖАҺАНДЫҚ САЯСАТ БАСТАМАЛАРЫ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- АҚШ-қа Қазақстанның өкілдері келді. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев сапар жасады. Ол Вашингтонда Гейл МакКиннонмен, Америка кинематография қауымдастығының басшысымен маңызды кездесу өткізді. Кездесудің қорытындысы бойынша Голливуд және қазақстандық режиссерлердің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетін бірқатар келісімдерге қолжеткізілді.

Үстіміздегі жылы елімізге америкалық продюсерлер келеді. Олар біздің мамандармен бірге жұмыс істеуге мүдделі. Айта кетейік, «Еуразия» кинофестивалінің беделі жылдан жылға артуда. Осылайша, аталмыш шара өз мақсатына жетіп, әлемдік киноқоғамдастықтың «А» тобындағы кинофестивальдер қатарына енді.

Фото: today.kz