Жұмыртқаға ою салатын шебер туындыларын түсінде көрген

Балқаштық микроминиатюра жасайтын шебер шахматтық фигураларды иненің көзіне орналастырады, ал қанатты сөздерді жылқының қылымен жазады. Шебер Николай Савидов бұдан бөлек көкнәр дәніне ою-өрнек те салады. Оның туындыларын тек микроскоппен ғана көруге болады. Өлшемі миллиметрден аз бұйымды жасау үшін шебер бірнеше ай еңбек етеді. Ол тауық жұмыртқасына осыдан 35 жыл бұрын тағаны бейнелепті. Содан кейін жылқы қылымен мақал-мәтелдерді нақышына келтіріп жазып, күріш дәндерін бояуды үйренді. Қазір Николай микроминиатюрадағы жаңа бағытты меңгеріп жатыр.

НИКОЛАЙ САВИДОВ, МИКРОМИНИАТЮРА ШЕБЕРІ:

- Түсіме кірген тақырыпты ресми түрде тіркеп алдым. Ол микроабстракционизм деп аталады. Мен көкнәр өсімдігінің дәнінен пирамида, конус, шар мен цилиндр тәрізді түрлі туындылар жасаймын. Менің ойымша, геометриялық фигуралар өте қызықты.

Мамандығы бойынша Николай Савидов – электромонтер. Бірегей экспонаттарды шебер бос уақытында жасайды. Ол қиын өнерді өз бетінше меңгерген. Бүкіл әлемде мұндай күрделі де тынымсыз өнермен айналысатын шеберлерді саусақпен санауға болады.

БИБІГҮЛ ҚҰДАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Егер миниатюра туралы айтатын болсақ, бұл біздің қарағандылық нэцкэ, ағайынды Жүнісовтардың туындысы. Керемет орындалған шағын жұмыстары бар. Негізі миниатюралық пішіндер жасайтын шебер өте аз. Сондықтан музейде де ондай туындылар көп кездесе бермейді.

36 жыл бойы Николай Савидов 2 мыңға жуық микроминиатюра жасаған. Балқаштық шебер өз жұмыстарымен отандастарымызды ғана емес, көршілес елдерді де таңдай қақтырып отыр. Оның шығармалары ҚР Тұңғыш Президент музейінде және Ресей мен Украина мұражайларында тұр.