Сарапшы: Нұр-Сұлтан Орталық Азиядағы балет өнерінің орталығына айналып келеді

Сарапшы: Нұр-Сұлтан Орталық Азиядағы балет өнерінің орталығына айналып келеді

Үшінші «Eurasian Dance Festival» халықаралық балет фестивалінде әлемнің классика жауһарлары, халық шығармашылығы мен қазіргі заманның белді хореографтары қойған соңғы премьералар көрермен назарына тарту етілді.

Халықаралық шараны елорда тұрғындары мен қонақтары 4-16 маусым аралығында тамашалай алды. Фестиваль «Астана Балет» театрының өткен маусымдағы премьерасы – отандық хореограф Мукарам Авахри қойған «Саломея» балетімен ашылса, кештің салтанатты жабылу рәсімі Әлемдік балет жұлдыздарының гала-концертімен аяқталды.

Дәстүрге айналған фестиваль балет әлемінің жарқын оқиғаларының бірі саналады. Сарапшылардың айтуынша, осындай айрықша шаралардың арқасында Қазақстан астанасы Шығыс пен Батыс мәдениеттері тоғысатын алаңға айналады.

УЛЬКЯР АЛИЕВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР СЫНШЫСЫ:

- Нұр-Сұлтан қаласы Орталық Азиядағы балет өнерінің орталығына айналып келеді. Балет посткеңестік кеңістікте аса жоғары бағаланатынын бәріміз білеміз. Осы ретте «Астана Балет» қазақтың балет өнерін насихаттау жолында еңбек етіп жүр. Бұл театрдың солистері тұрақты негізде халықаралық гала-концерттерге қатысып жүр. Тіпті шетелде де табысты өнер көрсетіп жүр.

Фестиваль барысында әлемнің аңызға айналған бишілері мен балериналары шеберлік сыныптарын өткізді.  Кеш бағдарламасы дәстүрлі болғанымен, күтпеген тосынсыйлар да орын алды. Айталық, әйгілі классикалық балеттердің үзінділері мен жаңашыл ізденістер көрсетіледі.

Фото: astanaballet.com