Алматыда «Star of Asia» музыкалық фестивалі өтті

Алматыда «Star of Asia» музыкалық фестивалі өтті

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында «Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 40 талантты вокалист қатысты. Олар әлеуметтік желілерде көпшілікке танымал болса да,  осы күнге дейін үлкен сахнаға шықпаған.

Халықаралық музыка фестивалінде сондай-ақ танымал орындаушылар - MOT пен Dan Balan, НАZИМА, Ninety One тобы өнер көрсетті.  Сонымен қатар фестивальге атақты Оңтүстік Кореяның бойзбенд тобы -  PENTAGON да келіп, жастардың ықыласына бөленді.

ЕРБОЛ ШӘРІПОВ, «АЗИЯ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ:

- Star of Asia-ның бір жақсы жері, жастарға өзін өзі көрсету мүмкіндігі. Осы үрдіс ары қарай өзінің жалғасын таба берсін.

«Star of Asia» дәстүрлі музыкалық фестивалі - «Медеу» мұз айдынында 20 мыңнан астам көрермен жинайтын жыл сайынғы халықаралық шара. Биыл шара әлемнің 118 елінде онлайн режимде көрсетілді.

Фото: inform.kz