Димаштың тұңғыш жеке альбомы 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті

Димаштың тұңғыш жеке альбомы 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті

Димаш Құдайбергеннің тұңғыш жеке альбомы 37 секундтың ішінде «платина» деңгейіне жеткен. Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта үш мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымда қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рақмет. Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», - деп жазды ол өз парақшасында.

Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек. Шоу-бизнесі дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталса, Ресейде 100 мыңдық сатылыммен  өлшенеді.