Астанада «Казахстанец» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада «Казахстанец» кітабының тұсаукесері өтті

Елордада еліміздің киелі жерлері, табиғи әралуандылығы, тарихы мен мәдениетінің байлығынан сыр шертетін «Казахстанец» атты кітап таныстырылды. Басылымның авторы - жас саяхатшы, түркі мәдениетін зерттеуші және республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаты Тинкай Кретова. Жазушының айтуынша, кітаптың бір бөлігі «Киелі Қазақстан» зерттеу экспедициясы барысында жазылған очерктеріне негізделген.

ТИНКАЙ КРЕТОВА, САЯХАТШЫ, КІТАП АВТОРЫ:

- Бұл кітап екі жылдық экспедициялар мен сапарларда жинақталған материалдардың негізінде жазылды. Бір ай ішінде жазылды. Менің негізгі тақырыбым бұл, әрине, табиғат. Бірақ бұл кітапты жазарда мен өзіме тағы бір сұрақ қойдым: «Қазіргі заманғы қазақстандық кім?» деген. Сондықтан мен адамдарды сипаттай бастадым. Адам баласы туралы айқанда, оның айналасындағы табиғаты туралы айтпау мүмкін емес екендігін түсіндім. Әрине, менің сүйікті өңірім – Маңғышлақ, Үстірт, Ақтау, Каспий туралы, Оңтүстік Қазақстан туралы, Алматы облысы туралы айттым. Кітапта өзім болған барлық өлке туралы айттым, әрине оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы да бар.

Кітап әзірге шағын таралыммен жарық көрді. Десек те, жаңа басылымның мазмұны шетелдік туристердің назарын аудартып үлгерген. Мысалы, әлемнің 120 еліне саяхат жасаған бельгиялық саяхатшы Питер Данкартс кітап Ұлы даланың табиғаты мен мәдениетінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға ниет білдірген республиканың барлық қонақтары үшін пайдалы болады дейді.

PETER DANCKAERTS, ТУРИСТ /БЕЛЬГИЯ/:

- Қазақстан сияқты үлкен елдің ландшафттары әралуандылығымен таңқалдырады. Сіздерде биік таулар да, терең ойпаттар да, жазық дала да бар. Елдің кейбір аймақтары Швейцарияны еске салды. Мұнда құрғақтан ылғалға дейін климат әртүрлі араласып кеткен. Әлем туристері Қазақстанды өз көзімен міндетті түрде көруге тиіс. Кітап авторымен жеке сөйлесіп, алған әсерлері туралы білгім келеді.

Кітап авторы алдағы уақытта да еліміз туралы жаңа кітаптар мен очерктер шығару үшін Қазақстанның киелі және адам аяғы баспаған жерлеріне экспедициясын жалғастыруды көздеп отыр.