Қыз жасауын дайындау

Жасау - тұрмыс құрған кезде қызға берілетін дүниесі.

Ата-баба салты бойынша оны қыздың анасы кішкентай кезінен бастап  дайындайды. Оған әке-шешесімен бірге туған-туыстары да өз үлестерін қосып, кем-кетігін толықтырады.

Бүгінде қыз жасауын арнайы мамандар сіздің талғамыңызға сай дайындап береді.

Ісмер Әсел Өскенбаеваның бұл іспен айналысқанына 5 жыл болған. Ол анасының қолөнердегі жетістіктерін көріп, осы саланың басын ұстауға бел байлаған.

Айтуынша, ұлттық дәстүрді сақтай отырып, заман талаптарын да жауап беретін дүние қажет. Осы ретте жасауға кіретін көрпе түрлерін бір-бірінен ерекшелеу үшін салынатын ою-өрнектерде Әселдің өзіндік қолтаңбасы бар.

Алғашқы тапсырысын ғаламтор арқылы алған ол бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыс қабылдайды.

ӘСЕЛ ӨСКЕНБАЕВА, ШЕБЕР:

- Біздің солтүстік өңірде көрпешелердің түрі көп емес. Біз жерге төсейтін көрпеше дейміз, төр көрпе дейміз. Ұзындығы 2 метр, 2,5, кейде 2,3 болады. Ал Маңғыстау жақта, Атырау жақта, Батыс өңірлерінде көрпешелердің түрлері көп. «Шай көрпе» дейді, ол келін отыратын, шай құятын көрпеше. «Күйеу көрпе», «төр көрпе», «ет көрпе» дейді. Ет көрпені төсектің астына салады. Біз жақта құс төсек дейміз. Жастықтардың да бірнеше түрлері бар. Ұзыны бар, қос жастық дейміз. Оны махаббат көрпесімен бірге екі бас қосылып, бір жастықта қартайсын деген оймен жасайды.

Фото: nur.kz