«Махаббат сарбазы» мюзикліне кастинг жүруде

Елордада 15 қараша күні жылдың басты музыкалық оқиғасы «Махаббат сарбазы» мюзиклінің тұсаукесері өтеді.

Музыкалық қойылым аты аңызға айналған A’Studio хиттеріне негізделген.

Қазіргі таңда әртістерге кастинг толық негізде жүргізілуде. Қоюшылардың жоспары бойынша, мюзиклге 50-ден астам адам жұмылдырылатын болады.

Мюзиклде басты рөлдерде ойнайтын болашақ орындаушыларды A’Studio тобының көркемдік жетекшісі Байғали Серкебаев бағалайды.

БАЙҒАЛИ СЕРКЕБАЕВ, A’STUDIO ТОБЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Мюзикл – бұл ерекше жанр, мұнда әртіс жақсы ән айтып қана емес, актер бола білуі керек, ол өте жақсы би билеп, жақсы сөйлеу керек. Сондықтан біз осындай жан-жақты таланттарды іздестірудеміз. Мюзиклге 50-ден астам актер қатысады. Вокалистерден басқа бишілер, балет әтістері қатысады. Сондықтан қатысушылар міндетті түрде 2 құрамнан тұрады, себебі мюзикл күн сайын тоқтаусыз жүреді.

Мюзиклдің ерекшелігі - оның интерактивтілігі. Қойылымның екі баламалы шарықтау шегі қарастырылған. Көрермендер де екі қойылымның біріне таңдау жасап,  сюжеттің дамуына әсер ете алады. Кастингке қатысуға Ресей, Қазақстан, Украина елдерінен 5 мыңнан астам адам ниет білдірді. Қазақстанда кастинг Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтеді.

Медет Рахымбергенов - «Астана Мюзикл» театрының әртісі, ол да іріктеу кезеңіне қатысып, лайықты роль алуға ниетті.

МЕДЕТ РАХЫМБЕРГЕНОВ, КАСТИНГКЕ ҚАТЫСУШЫ:

- A’Studio - бұл жоғары деңгейдегі топ. Сондықтан мен мюзиклде жоғары деңгейде болады деп сенемін. Мен әртіс ретінде осы жобаға қатысқым келді. Өйткені жеке кәсіби тәжірибем үшін жақсы көрсеткіш болар еді. Сондықтан осы кастингке қатысуға шешім қабылдадым.

Елордадағы тұсаукесерден кейін «Махаббат сарбазы» мюзиклі Алматыға аттанады. Ал одан кейін гастролдік сапарлар Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларына жоспарланған.

Фото: peopletalk.ru