«Құрсауда қалған виолончель» көрмесі

Рухы - биік, арманы - асқақ, ленинградтықтар! Бойдан күш-қуат кеткенмен жігері өшпеген жау қоршауындағы шаһар тұрғындарының мәдени өмірі. Тұңғыш Президент кітапханасында «бәрі де Ұлы Жеңіс үшін» деген батыр қаланың қаһарман халқының тірлігінен сыр шертетін көрме ашылды. Графикалық туындылардың ішінде Дмитрий Шостаковичтің «Ленинград тіл қатады» деп аталатын гравюрасы бар. Театр афишалары мен хореография мектебі тәрбиеленушілерінің фотосуреттері, музыкалық аспаптар сұрапыл соғыс жылдарында халықтың отан мен өнерге деген ықыласын айғақтайды.   

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫ -КІТАПХАНАСЫ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Аталмыш  экспозицияны Тұңғыш Президент Елбасы- кітапханасы Санкт-Петербург қаласының театр және музыка өнері мұражайымен бірлесіп жасады. Бұл шара «Мәдениет арқылы жасалған диалог» атты жоба аясында жүзеге асырылып, екі жақтың ойы бір жерден шықты деп айтар едім. Бұл біріншіден мұражай қабырғасынан шыға қоймайтын аса ерекше  тарихи және көркем өнер жәдігерлер қорын көпшілікке таныстыру қамында қолға алынған игі іс. Олардың бәрі Санкт-Петербург мұражайында сақтаулы. Көрменің төрінен атақты блокадалық виолончель орын тепкен. Біздің жобаны құрсауда қалған осы аспаптың атауымен аттас қоюды жөн көрдік.

Сарапшылардың айтуынша блокада адам жаны мен рухының қаншалықты биік екенін барша әлемге танытты. Табиғаттың тылсым мінезі мен аштыққа төзген өжет халық қиындықтарға мойымай рухани құндылықтарды жоғары қоя білді. Көздегендері бір мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу. Ойлары іске асып сол қиын-қыстау кезеңнің тілсіз куәгерлері бізге дейін жетіп отыр.

АЛЕКСАНДРА АБРАМОВСКАЯ, КӨРМЕ ҚОНАҒЫ /РФ/:

Өте әсерлі көрме. Қазіргі уақытта аса өзекті тақырыпты көтереді. Ақын Ольга Берггольц айтпақшы, адамдарды аштық уақытында мәдениет азықтандырды. Қаланы ешкім жауға тастағысы келмеді. Бұл туған жердің тарихына, мәдениетіне деген шексіз құрмет деп білемін. Сол кезде ағарту ісі мен рухани сауаттылық ұмытылмады. Осыны көптің есіне салатын көрме ұйымдастырушыларына айтар алғысым шексіз.

Көрмеге барлығы 40-қа тара жәдігер қойылды. Әрбірінде жауға берілмеген ленинградтықтардың өшпес рухы жатыр. Олармен алдағы маусым айының 2-сіне дейін танысуға болады.