Әзербайжан тарихтан қалған топонимдер

Әзербайжанда Дешті-Қыпшақ жерінен шыққан бабаларымыздың ізі бүгінге дейін сайрап жатыр. Өйткені аталарымыз  мекен еткен жер-су атауларын өздерінің ру тайпаларының атымен атаған. Сол топонимдер бүгінге дейін сақталған. Мәселен, бір ғана Гах облысында қазақша атауға ие 10-ға жуық ауыл кездесті.

ИЛХАМ ХАЛИЛОВ ҚЫПШАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /ӘЗЕРБАЙЖАН/:

- Қыпшақ ауылының тумасымын.  Мұнда 300-ден астам үй түтін түтетіп отыр. 700-ден аса адам тұрады. Тұрғындардың негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы. Яғни мал бағамыз, егін-егеміз. Өзімізді қыпшақ тайпасының тікелей ұрпағы санаймыз. Аталарымыздың айтуынша бабаларымыз бұл мекенге 800-900 жыл бұрын келген.Сөйтіп тұрақтап қалған. Бүгінде қыпшақ атауымен кеңес құрдық. Оның құрамына осы маңда тұратын жеті ауыл кіреді. Олармен салт-дәсүріміз де тіліміз де дініміз де ортақ. 

Қыпшақ ауылына Қайсарлы, Онжайлы, Жалайыр елді мекендері іргелес жатыр. Топонимдерден бөлек, бабаларымыздің ізін архелогиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерден де байқауға болады. Олар Бакудегі Республикалық музейде сақталған. Мыстан жасалған монеталардан Елдениз мемлекетін басқарған қыпшақ сұлтандарының атын оқуға болады. Ал  моңғолдардан кейін осы аймақта жеке ел болған Жалайырлар ақшаны алтыннан бастыртыпты. 

САПАР ЫСҚАҚОВ «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Тарихтан білетініміз 14-ші ғасырда қазақтың үлкен бір тайпасының бірі жалайырлар моңғолдармен бірге, Құлағудың әскерімен бірге келіп осында тоқтады. 90 жылдай өмір сүрген мемлекет Құлағу бастаған бір-бірімен таққа таласудың арқасында тарап кетті де үкімет басшылығы Жалайырларға көшті. Олар 70-80 жылға дейін үкімет құрып басқарып тұрды. Сондықтан да жалайырлар Иранда тұрды. И қазіргі Әзербайжан территориясында тұрды.

Мына шіркеу Кавказ Албандары билік құрған 6-ғасырда тұрғызылыпты. Тарихшылардың айтуынша, олар христиан дінін қабылдаған түркі тектес тайпа болған. Өйткені шіркеудегі крест тең бұрышты болуымен ерекшеленеді және безендіру үлгісі де түркілерге тән.

ОКТАЙ ЫРЗАЕВ ӘЗЕРБАЙЖАН ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: 

- Кавказ албандарының мемлекеті біздің заманымызға дейінгі 4-ші ғасырда пайда болып, біздің заманымыздың 9-шы ғасырына дейін билік құрған. Олар шығыстан, яғни Орталық Азияның солтүстігі мен бүгінгі Қазақстанның оңтүстігінен келген. Сөйтіп осы маңда кавказ және түріктерден тұратын 25 тайпаның басын біріктірді. Шыққан жеріне қарағанда олар түркілер. Сондықтан лезгин немесе армян деп айтуға еш негіз жоқ. 

Бабалар ізін Әзербайжаннан тапқан зерттеуші топтың сапары одан әрі жалғасады.