Парижде Қазақстанға арналған көрме ашылды

Парижде Қазақстанға арналған көрме ашылды

ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанға арналған көрме ашылды. Онда Ұлы даланы бейнелеген жас суретшілер мен фотографтардың туындылары қойылған. Жиылған қауым мәдени шарадан ерекше әсер алып, тіпті кейбіреуі Қазақстанға барып елорданы өз көзімен көргісі келетіндерін жасырмады.

СЕРКАН АЯЗБАЕВ, ЮНЕСКО КЛУБТАРЫ ҰЛТТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біздің елордамызға қызығушылық танытатыны, әрине, қуантарлық жайт. Қазылар алқасы үшін Қытай, Үндістан немесе Қазақстан балаларынан таңдау жасау қиын болды. Оның бірден-бір себебі  ұсынылған барлық 8 мыңға жуық шығарма арасынан альбомға тек 635 туындысы кірген. 

Париждегі экспозиция – ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мен Тұңғыш Президент қорының бірлескен жұмысының нәтижесі. Жас суретшілердің бейнелерін танымал авторлардың пейзажды фотографиялары толықтырды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай синтез еліміздің табиғатымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, мәдени құндылықтарымыз туралы да пікір қалдырады.

СЕРГЕЙ ТОҚТАРОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ең қызығы, көрме авторлары - балаларымыз бен жастарымыз. Олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді жалғастырушылар. Осы жобаның арқасында әлемдік қоғамдастық біздің еліміздің талантты жастарының көзқарасы арқылы қазіргі Қазақстанның жаңа қырларын ашатынына сенімдіміз.

Шетелдік дипломаттар мен Франция астанасының тұрғындары көрмені тамашалағаннан кейін Қазақстанға саяхат жасауды ойластырып отырғандарын да жасырмады. Ежелгі даланың, әдемі табиғаттың, өзіндік мәдениеттің және еліміздің бас қаласының бірегей сәулеті мен өнерін өз көздерімен көруге ниетті.

КЛАУДИА РАЙНПРЕХТ, ЮНЕСКО ЖАНЫНДАҒЫ АВСТРИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

- Мен Қазақстанның кең байтақ ел екенін білгенмін, бірақ мына туындылар елдеріңіз бөлек бір дүние сынды екенін айғақтап отыр. Бұл расында да керемет. Осы тамаша елді әзірге картина арқылы  көруге мүмкіндік бергендеріңізге ризамын. Алғысым шексіз.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай шаралар халықаралық деңгейде Қазақстанның танымалдылығын арттыруда өте маңызды. Сондықтан осы бағытта бірлескен жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Фото: yunews.kz