«Астана Балет» елордада мәдени туризмді дамытуда

«Астана Балет» елордада мәдени туризмді дамытуда

Сахна сыртындағы өмір. «Астана Балет» театрының экскурсиялық бағдарламалары көпшілік арасында ерекше танымал болды. Бірнеше айдың ішінде қазақстандықтар ғана емес, шетелдік қонақтар да театр өмірімен етене танысуға құмар. Елордаға саяхатшыларды көптеп тарту үшін театр бірқатар туристік ұйыммен меморандумға қол қойған.

РЫСТЫ КАРАБАЕВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мәдени нысандардың арасынан «Астана Балет» бірінші болып осындай меморандумға қол қойып, қала тұрғындарына, туристерге, туристік компанияларға арнап экскурсиялық тур ұйымдастырды. Басы жақсы болды. Қаламыздың мәдени ошақтарын аралап көргісі келетін адамдар көп. Меніңше олар туристер тартуға қауқарлы.

Театр басшылығы атап көрсеткендей, қол қойылған келісімдер елорданың, жалпы еліміздің туристік кластерінің тартымдылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

АЛЕКСАНДР СОВОСТЬЯНОВ, ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл бағыттың болашағы зор деп ойлаймын. Біз тұрақты негізде фотокөрмелер, экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастырып тұрамыз. Олардың тақырыптары әрқилы. Алдағы уақытта «Астана Балетте» театр көрмелерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қызықты жобаларды ойластырудамыз. Сондықтан биыл және келесі жазда елордамызға келетін туристер міндетті түрді біздің театрға келіп, қызықты экскурсияны тамашалап, рухани байып қайтары анық. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз.

«Махаббат аңызы», «Күлшеқыз». «Астана Балет» өнерсүйер қауым үшін мүлдем жаңа қойылымдар дайындап жатыр. Сондай-ақ, шағын спектакльдерді театрдың экскурсиялық бағдарламасына енгізу қарастырылып отыр.

Фото: astanaballet.com