«Central Asia’s Got Talent» тележобасына кастинг басталды

«Central Asia’s Got Talent» тележобасына кастинг басталды

Орталық Азия таланттарды іздеуде. Нұр-Сұлтанда «Central Asia's Got Talent» атты бірегей телевизиялық жобаға кастинг бастау алды. Тұсауы енді кесілген өнерпаздарды іріктеу байқауының таныстырылымы елдегі ірі медиа-холдинг «Хабар» агенттігінің қатысуымен Қазақстанның Орталық Коммуникациялық қызметінде өтті. Жергілікті тарап жоба қатысушылары Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстандық әріптестерімен ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты. 

РИНАТ КЕРТАЕВ, «ХАБАР АГЕНТТІГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жоба үлкен интеграциялық мәнге ие, себебі жобаның арқасында Орталық Азия таланттары іріктеліп, көрші мемлекеттердегі бірегей дарындармен етене таныса аламыз. Ал қарапайым азаматтар үшін, әртүрлі өнер түрлерін ұсынатын адамдар үшін бұл өз мүмкіндіктерін көрсету, өзін-өзі танытуға жол ашу.

НАРГИЗА КАСЫМОВА, «ТВ САФИНА» ТЕЛЕАРНАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БҚЛІМ ЖЕТЕКШІСІ /ТӘЖІКСТАН/:

- Менің ойымша, бұл жоба алаңында қатысушы әрбір дарын иесіне, әрбір мемлекетке қолдау білдіреді. Біз сапалы, жарқын эмоциялар мен ерекше сахналық қойылымдар көрсетуге әрқашан дайынбыз.

Жабаның бас продюсерінің айтуынша шоу жеңімпазы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленумен қатар қомақты қаржылай жүлде ұтып алады. 

Фото: 24.kz