Орал филармониясын виртуалды саяхат арқылы тамашалауға болады

Орал филармониясын виртуалды саяхат арқылы тамашалауға болады

Оралдағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимаратын енді әлемнің кез келген нүктесінде отырып-ақ тамашалуға болады. «Виртуалды тур» атты жобаның көмегімен тарихи ғимараттың іші мен сыртын, барлық концерт залдарын 3D кеңістікте аралап көре аласыз. Ол үшін филармония сайтына кіріп, бейнеақпарат бөліміне енуіңіз қажет.

АСХАТ ҚАЖЫҒАЛИЕВ, Ғ. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

- Филармонияның ғимаратына келмей-ақ, үйде отырып та біздің филармонияның сайтына кіріп, виртуалды тур арқылы филармониямызды түгелдей көруге болады.

Бұл игі іс Қазақстанның халық артисі, ұлттық операның іргетасын қалаған атақты өнер қайраткері Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орайластырылып отыр.

СӘУЛЕ ТАУДАЕВА, Ғ.ҚҰРМАНҒАЛИЕВТІҢ ШӘКІРТІ:

- Ғарекеңнің 110 жылдық мерейтойы тойланайын деп жатыр. Ғарекеңнің класында мен 1979-1981 жылдар аралығында сабақ алған шәкіртімін, төл шәкіртімін. Оның рухы ешқашан өлмейді, халқымен бірге жасай береді. Себебі қазіргі уақытта дәстүрлі өнерге деген халықтың сұранысы өте жақсы. Талантты шәкірттер, жақсы әншілер шығып келе жатыр.

Фото: uralskweek.kz