Байқоңыр атақты ирландиялық фотографтың көзімен

Байқоңыр атақты ирландиялық фотографтың көзімен

Байқоңыр атақты ирландиялық фотографтың көзімен. Мәскеудегі Космонавтика мұражайында алғаш рет «Возвращение» көрмесі ұйымдастырылды. Эндрю Макконнел фотосуреттерінде Халықаралық ғарыш станциясында экипаж мүшелерін жерге қону және оларды қарсы алу сәтттерін түсірген. Автор бейнелерінде зымырандарды аспанға ұшыру мен қондыру көшпелі халықтардың ұрпақтарының күнделікті өміріне қалай енгенін көрсетеді. Фотосуретші кең байтақ қазақ даласын көріп, таңғалғанын да жасырмайды. Көшпенді халықтардың өмір салты ғасырлар бойы сақталып қалыптасып қалса да, қазақи дәстүрлер заманауи технологиямен бірге дамыған, - дейді ол. Эндрю Макконнеллдің айтуынша, ол өзінің туындыларында адамзат тарихын көрсетуді мақсат еткен.

ЭНДРЮ МАККОННЕЛЛ, ФОТОСУРЕТШІ:

 - Байқоңырдағы ғарышкерлердің жерге қонғаны туралы көп естідім, сондықтан мен Қазақстанға барып, қазақ даласын көргім келді. Мен ғарышкерлердің қонғанын көрдім. Бұл – әсерлі оқиға. Бұндай көріністерді бақылап тұрып адамдар біріге жұмыс істесе, адамзаттың құрып кетпеуіне мүмкіндік беретіндігі туалы картина елестейді. Мен оны құжаттауды қаладым. Сондай-ақ, адамзат болашағының қай бағытта дамып бара жатқандығы мен адамдар үшін ғарыштың маңыздылығын көрсету туралы айтқым келді.

ГЕННАДИЙ ПАДАЛКА, ҒАРЫШКЕР:

 - Мен Байқоңырды әрдайым бір жақ қырынан ғарыш индустриясы, кемелер, зымырандар, ұшыру кезеңдерін ғана көрген едім. Күз мезгілінде жерге қонған кездегі дала иісі, алма дәмі әлі есімде. Мына фотсуреттерден өзіме мүлдем өзгеше жаңалық аштым. Мұнда ұлттық колорит, мәдениет пен дәстүрдің байланысын айқын көруге болады.

Фото: kosmoturizm.ru