«Қазақ хандығы» тарихи фильмінің II маусымы

«Қазақ хандығы» тарихи фильмінің II маусымы

Ұлы дала жерінде мемлекеттің құрылуынан сыр шертетін тарихи фильмнің жаңа маусымы. Үстіміздегі айда «Қазақ хандығы. Алтын тақ» телехикаясы көрерменге жол тартады. Негізгі түсірілім жұмыстары тарихи кезеңдердің куәгері Алматы облысы, Оңтүстік өңірдің жайлауы мен киелі Түркістан және Тараз жерінде өтті.  Тарихи жобаның II маусымы Қазақ хандығының ең күрделі кезеңдерін қамтиды. Кинотуынды режиссері Рүстем Әбдірашевтің айтуынша, оқиғалар желісі Жәнібек пен Керейдің Шайбани ұрпақтарымен шайқасы, Ақ орданың астанасы Сығанақтағы тақ үшін талас төңірегінде өрбиді. Осы және өзге де тарихи деректер жайында 10 бөліктен тұратын фильмде баяндалады.

РҮСТЕМ АБДІРАШЕВ, РЕЖИССЕР:

 - Жәнібек пен Керей сынды екі үлкен тарихи тұлғаның образы, олардың артынан ерген сұлтандары Қасым мен Бұрындықтың өмірі жайлы баяндалады. Осы маусымда «Алтын тақ» фильмі экшн жағынан, көрерменнің көңілін баулау жағынан, динамикасы жағынан қызық оқиғаға толы болмақ.

Фото: ult.kz​