Атырауда сармат дәуіріне арналған «Батыс жауһарлары» көрмесі ашылды

Атырауда сармат дәуіріне арналған «Батыс жауһарлары» көрмесі ашылды

«Батыс жауһарлары». Осындай тақырыппен Атырауда сармат дәуірінің артефактілерінің көрмесі ашылды. Мұнда көпшілікке Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы көне жәдігерлер паш етілді. Келелі жиынға Германия, Венгрия, Өзбекстан, Ресей федерациясында тұратын қандастарымыз да қатысты. Тамыры тереңде жатқан тарихымыз бен еліміздің киелі жерлері әлемнің көптеген елдерінде тұратын қазақ диспорасын қызықтырады. Атыраудағы арнайы жиынға ат арылтып келген бір топ қандасымызбен осылай дейді. Сонымен қатар олардың айтуынша, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы әлемнің көптеген елдеріндегі қазақ диаспораларын біріктіріп, Қазақстанның қасиетті орындарына мыңдаған адамның назарын аудара алды.

ОҢАЙША МАНДОКИ, «БАРЫС» ВЕНГРИЯ-ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ, ВЕНГРИЯ:

 - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғыз Қазақстанның азаматтары емес, бүкіл Түркі халқы қолға алып, қуанып, жаңғыртып жатыр. Бұл туралы біз шетелде жүріп, елбасымыздың мақаласынан, жазған жұмыстарынан оқыдық. Бұған шетелде жүрген Қазақ диаспорасы ғана емес, мажарлар деп аталатын ұлт та өз септігін тизігіп жүр. Жалпы тарихта қыпшақтар біздің тікелей туғанымыз, біздің бауырымыз болып есептеледі.

Сонымен қатар шетелде тұратын қандастырымыз бен көрмеге келуші қонақтардың айтуынша, Ұлы дала төсіндегі Қазақ елінің тарихы мен мәдени мұрасы, салт-дәстүрін біріктірген «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» жобасы Еуропа және Батыс жұртшылығы үшін қатты қызығушылық туғызады.

СҮЛЕЙМЕН ШАДКАМ, МЮНХЕНЬ ҚАЗАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ГЕРМАНИЯ:

-  Шетелдегі ағайындардың көбі жат елде туып өскендіктен, елдің жәдігерлік әсерлерінен хабарсыз. Сол байланыс бүгін жалғасып отыр. Бұл үлкен бір көпірдің құрылуына үлесін қосып отыр. Қазақ даласының қасиетті тарихы Батыс елдері үшін өте қызықты. Қазақ халқының өмірбаяны, көшпенді халықтың мәдениетінен әсер алып келем деген адамдардың саны бүгінде көбейіп жатыр. 

«Қазақстанның қасиетті географиясына» ұзақ уақыт бойы достық қарым-қатынас байланыстырып келе жатқан көрші ресейліктердің де қызығушылығы мол.

СӘРСЕНҒАЛИ ҚҰСПАНОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, РФ, САНКТ-ПЕТЕРБУРГ:

 - Рухани байлылық менің жаныма жақын. Егер тарихымызды білсек, білмегенімізді толықтырсақ, өзгелермен әр түрлі тақырыпта сөйлесе алатын боласың.

Айта кетейік, көрменің мақсаты – Қазақстанның батыс аймақтарының қасиетті орындарына халық назарын аударту, қойнауы тарихқа бай жерге аяқ тіреп, жаңашылдық ашу болып табылады.

Фото: baq.kz