1 наурыз – Қазақстанда алғыс айту күні

1 наурыз – Қазақстанда алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күнінде қазақстандықтар осымен 4-ші мәрте алғыс айту мерекесін атап өттуде. Бұл азаматтардың бір-біріне құрмет білдіру күні деп Елбасы жариялаған. Дәл осы датада ұлттар достығының алтын діңгегіне айналған ҚХА құрылды. «Қоғамдық келісім» ұйымының сарапшысы Қамал Әлпейісованың айтуынша кезінде солақай саясаттың тәлкегіне түскен басқаны пейілі кең, ниеті түзу қонақжай қазақ құшақ жая қарсы алды. Тағдырдың соқпақты жолында қуғын-сүргінге ұшырағандар қаншама. Олар қазақ жерінен пана тауып, көсегесі қазақ елімен қатар көгерді. Бүгінде бірлігі жарасып, бауыр басып қалған қайырымды ұрпақ жарқын болашақты бір адамдай қалап жүр.

КАМАЛ АЛЬПЕИСОВА, ВЕДУЩИЙ ЭКСПЕРТ РГУ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» ПРИ ПРЕЗИДЕНТЕ РК:

– Бұл күннің негізгі идеялогиясы – жақсылықтың ұмытылмайтындығының белгісі, жақсылық жасауға, қайырымдылық жасауға үндеу. Өйткені шындығында қазақ жеріне депортацияланған, күштеп зорлықпен көшірілгендерді жүрегінденгі мейірімімен, қайырымымен қазақ халқы бауырына басқан.

Мейрамның маңыздылығын Қазақстанды мекен етіп жүрген барлық ұлыстар ұлықтап келеді. Көп ұлтты мемлекеттің санастығы мен бір мүддеге ұя білуі өзгеге үлгі, елдің халықаралық брендіне айналды. Бұл орайда қалыптасқан салиқалы саясат Қазақстан халқының әр өкіліне төл тарихын ұмытпай бір-бірінің мәдениеті мен салт-дәстүрін тануға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, «Возоождение» неміс қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жылдың жүзі болған. Ұйым қабырғасында туған тілді меңгеруге бағытталған оқу курстары ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бірлестік жетекшісі Игорь Бергтің айтуынша, орталыққа аптасына 500-ден астам адам келеді.

ИГОРЬ БЕРГ, «ВОЗРОЖДЕНИЕ НЕМІС ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ұлтым – неміс. Менің отбасымды Қазақстанға депортациялады.  Әрине ол кез ешкімге оңай боған жоқ, өздері аш отырса да жергілікті қазақ халқы бізді құшақ жая қарсы алып, қолдан келген көмегінен аянбады. Ол үшін алғысымыз шексіз. Қазақстанға көптеген жанұя қоныс аударды. Олардың барлығы да осы жердің тұрғындарына дән риза, қарыздар екенін сеніммен айта аламын.