«Нотр-Дам де Пари» мюзиклі Орталық Азия елдерінде қазақ тілінде қойылады

«Нотр-Дам де Пари» мюзиклі Орталық Азия елдерінде қазақ тілінде қойылады

«Нотр-Дам де Пари» мюзиклі Орталық Азия елдерінде қазақ тілінде қойылады. Алдағы 3 жылда артистер Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінің сахналарында өнер көрсетпек. Айта кету керек, мюзиклдің қазақстандық нұсқасында сюжет барысы мен әлемдік хитке айналған музыка туындылары да  өзгеріске ұшырамаған, сол қалпында қалдырылған. Ал қойылымдар үшін арнайы костюмдер Қазақстанда тігілді. Бұл жобаға 70-ке жуық актер, әншілер, акробаттар, және бишілер қатысады.

ЖЕҢІС СЕЙДОЛЛА «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Әлемді таңғалдырған осындай үлкен мюзиклді 11 млннан астам адам тамашалаған, көрген. Енді  алғаш рет ол қазақ тілінде  көрсетіледі. Бұл тек Қазақстан үшін емес, Орта Азия елдері үшін де үлкен жетістік. Біз мюзиклді Солтүстік өңірде көрсетпекшіміз.

«Нотр Дам де Пари» әлемде ең танымал мюзиклдің бірі саналады. Сондай ақ  ең сәтті музыкалық қойылым ретінде Гиннестің Рекордтар Кітабына енген. Осы тұрғыда, қазақстандық артистер шетелдік көрермендерді музыка өнерінің басқа да туындыларымен таныстырмақшы. Олар өздерінің әсем дауыстары мен хореграфиясы арқылы әлемдік жұртшылықты мойындатпақ ниетте.

ЕРНАР ЖҰМАТАЕВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - «Жастар театры» «Жастар жылында» көптеген жоспарларды қолға алып жатыр, әсіресе мюзикл жанрын. Қарақыпшақ Қобыландыны қолға алып, мюзикл жанрын тарту етсек деген ниетіміз бар. Тек қана Қазақстанға ғана емес, Азия, Еуропа елдеріне әдемілеп көрсету мақсатында дайындық үстінде.

Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды.