Мәскеуде «Айка» фильмінің ресми тұсаукесері өтті

Мәскеуде «Айка» фильмінің ресми тұсаукесері өтті

Мәскеуде режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінің ресми тұсаукесері өтті. Өткен жылы Қазақстан-Ресей бірігіп ұсынған туынды «Оскар»-дың қысқа тізімінде «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына енді. Басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдады. Шығарма Канн кинофестивалінде жоғары бағаланып, Самал Еслямова «үздік актриса» наминациясын жеңіп алды.

СЕРГЕЙ ДВОРЦЕВОЙ, РЕЖИССЁР:

 - Бұл рөлді тек Самал ғана жақсы орындап шығатынына күмән тудырмадым. Оны жақсы білемін. Бұл – өте қиын рөл. Бірақ ол оны өте керемет ойнап шықты. Біз қазір Самалмен Астанада және оның туған жері Петропавлда болатын көрсетілімдерге бара жатырмыз.

САМАЛ ЕСЛЯМОВА, БАСТЫ РӨЛДЕГІ АКТРИСА:

 - Фильм біздің кинематографияға деген, біздің іске деген үлкен сүйіспеншілікпен түсірілген. Біз оған бар күшімізді салдық. Менің ойымша, ол әрдайым көрермендердің көңілінен орын табады.

Сюжет желісі Қырғыз Республикасынан Мәскеуге келген қыздың қиын тағдырын суреттейді. Ол өз баласын перинаталдық орталықта қалдырып кетуге мәжбүр болады. Бүгінде туындыға киносыншылардың оң пікірілерін айтса, өз кезегінде көрермендер де өте жақсы деген баға беріп отыр.

ЯНА КАБНАЦКАЯ, КӨРЕРМЕН:

-  Өте шынайы түсірілген. Әртістер өз рөлдерін шебер сомдаған. Фильмде сіз бен біздің күнделікті өмірде мән бере бермейтін нәрселер көрсетіледі. Кейде күйбең тіршілікпен жүргенде осындай қайғылы оқиғалар назардан тыс қалады.

ЕЛЕНА МАЙОРОВА, КӨРЕРМЕН:

 - Актерлік рөл таңғалдырды. Өте ауыр оқиға болса да өзі алып шықты. Фильмді көргенде кейіпкермен бірге қобалжып отырасың. Әрине, қиын жағдай болғандықтан, мемлекет тарапына да, Мәскеу айналасында да көкейде үлкен сұрақ туындайды.  

Деректі фильм жанрында түсірілген туындыға түскен әртістер кәсіби мамандар емес. Сонымен қатар түсірілім 6 жылға созылған. Айта кетейік, түсірілімге Ресей, Қазақстан, Польша, Германия және Қытай кинематографистері қатысқан.

Сурет oblgazeta.ru сайтынан алынды.