«Астана Опера» балет труппасы еуропалық гастрольден оралды

«Астана Опера» балет труппасы еуропалық гастрольден оралды

Еуропалық көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Астана Опера» балет труппасы елге оралды. Артистер өз қойылымдарын Генуядан бастап, Италия мен Испанияның өзге қалаларының сахналарында жалғастырған болатын.  Олар П.Чайковскийдің «Щелкунчик» пен «Аққу көлінің» 18 спектаклін ұсынды. Бір ай ішінде балеттерді шамамен 22 мың көрермен тамашалаған. Шетелдік өнерсүйер қауым ұлттық музыкамыздың жауһары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын тамашалады.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

-  Бізді еуропалық көрермен өте жақсы қарсы алды. Билеттер алдын ала сатылып кетті. Залда ине шаншар жер болмады. Алайда қойылымдарымыз оңай болды деп айта алмаймын. Өйткені біз «Щелкунчик» пен «Аққу көлі» сынды екі қиын, ауқымды қойылыммен бардық. Қиын болғанына қарамастан, көрермендердің ықыласын көріп, шабыттандық. Күш жинап қайттық.

БАХТИЯР АДАМЖАН, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Қазақ өнерін тек қана домбыра, күрес, бокспен ғана емес, опера, балет өнерімен бүкіл әлемге паш етеміз деп ойлаймын. Мәдениет минитрлігі болып, театр болып, үлкен ұжым болып, садақтың атылған оғындай Еуропа, Америка, Қытайды өзіміздің өнерімізге тәнті етеміз.