Алматылық биші қыз Софи Манасян Nickelodeon телеарнасындағы шоуға қатысты

10 жастағы алматылық биші қыз Софи Манасян Nickelodeon телеарнасында көрсетілген «Lip Sync Battle Shorties» балалар шоуына қатысты. Айта кету керек, АҚШ-та өткен шоу бүкіл әлем байынша танымал.

Бүлдіршін Инстаграмдағы өз парақшасында телеарна тобына алғыс білдірді.

«Nickelodeon командасына кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіремін. Сонымен қатар, әр елдің балаларына ұлты мен тілі, дініне қарамастан осы шоуға қатысып, жұлдыздай жарқырауға мүмкіндік бергені үшін мың рақмет!», - деді жас өнерпаз.

«Lip Sync Battle Shorties» - балалар мен жасөспірімдерге арналған америкалық шоу-бағдарлама. Ең алғашқы шығарылымы 2016 жылы 11 желтоқсанда шыққан еді.
Софи Манасянды кез келген қазақстандық білмеуі мүмкін емес. Жас та болса цирк аренасынан көрініп, түрлі халықаралық би байқаулары мен ән фестивальдарына қатысып, Италия, Ресей, Австралия, АҚШ елдерінде қазақ халқының намысын қорғап, жеңімпаз атанған. 7 жасында Карнеги-холлда қазақтың халық биі – «Аққуды» билеген қыз, қазір АҚШ-та дарынды балаларға арналған өнер мектебінде оқиды. Тіпті хореография бойынша ЮНЕСКО-ның мүшесі, Еуровидениенің арнайы қонағы болған, «Ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегі» грамотасымен марапатталған.