«Композитор» атты қазақ-қытай фильмі экранға шығады

«Композитор» атты қазақ-қытай фильмі экранға шығады

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» көркем фильмі 2019 жылдың бірінші жартысында көрерменге жол тартады. Продюсер Джонатон Шэньнің хабарлауынша, қазір үш сағаттық фильмді кинотеатрда көрсету үшін 90 минутқа дейін қысқарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Бейжіңде туынды  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин назарына ұсынылған болатын.

ДЖОНАТОН ШЭНЬ, ФИЛЬМ ПРОДЮСЕРІ:

 - «Биыл маусымда екі елдің президенті фильмді тамашалап жоғары баға берді. Біздің шығармашылық топпен кездесіп, барлығымыз қанаттанып қалған едік. Бірақ толықтыратын, түзейтін жерлері бар. Қосымша түсірілім жасау керек. Біз одан қашпаймыз. Меніңше, 2019 жылы жарыққа шығарамыз».

Екі елдің бірлескен жобасы Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай арасындағы достыққа құрылды. 1940 жылы Қытай орталық комитеті сазгер Синхайды Кеңес Одағына музыка саласын зерттеуге жібереді. Алайда соғыс басталып кетіп, композитор еліне қайта алмай қалады. Сырқатқа шалдығып, аштыққа ұрынған қытайлық өнертанушыға қазақ композиторы  Бақытжан Байқадамов көмектесіп, қамқорлығына алады. Жоба авторлары бұл Қазақстан мен Қытай халықтарының достығын насихаттайтына сенеді.