Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы республикалық өнер байқауы өтті

Алматыда белгілі музыкант Батырхан Шүкенов атындағы республикалық өнер байқауы өтті. Өнер жарысында 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар мен жас музыканттардан жиналған 43 адам бақ сынады. Арнайы комиссия мүшелері қатысушыларды онлайн режимде іріктеген. Үрмелі аспаптарда ойнайтын үздіктер арасындағы байқау 5 аталым бойынша өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – үрмелі аспапта ойнау өнеріне көпшіліктің назарын аударту. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сахнасында өнер көрсеткен қатысушыларға дипломдар табыс етіліп, 15 музыкант арнайы стипендия иегері атанды.

ХАДИША ЕЛІБАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Шын мәнінде өте қызықты жарқын байқау. Мен осындай байқауға қатысқанымды мақтан тұтамын. Қатысушылардың барлығы өнерлі, қазылар алқасы өте қатал. Батырхан Шүкенов Қазақстанның керемет музыканты болған. Шүкенов атындағы қор құрылып, оның ісін әрі қарай жалғастырып жатқаны қуанышты.

Алматыда белгілі музыкант Батырхан Шүкенов атындағы республикалық өнер байқауы өтті. Өнер жарысында 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар мен жас музыканттардан жиналған 43 адам бақ сынады. Арнайы комиссия мүшелері қатысушыларды онлайн режимде іріктеген. Үрмелі аспаптарда ойнайтын үздіктер арасындағы байқау 5 аталым бойынша өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – үрмелі аспапта ойнау өнеріне көпшіліктің назарын аударту. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сахнасында өнер көрсеткен қатысушыларға дипломдар табыс етіліп, 15 музыкант арнайы стипендия иегері атанды.

ХАДИША ЕЛІБАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 - Шын мәнінде өте қызықты жарқын байқау. Мен осындай байқауға қатысқанымды мақтан тұтамын. Қатысушылардың барлығы өнерлі, қазылар алқасы өте қатал. Батырхан Шүкенов Қазақстанның керемет музыканты болған. Шүкенов атындағы қор құрылып, оның ісін әрі қарай жалғастырып жатқаны қуанышты.