Junior Eurovision - 2018. Қатысушыларға дауыс беру басталды

Junior Eurovision-2018 байқауының қатысушыларына дауыс беру басталды.

Қазіргі сәттен, яғни Астана уақытымен түнгі 01:00-ден бастап ән байқауының ресми сайтына кіріп, жас әншілердің өнерін бағалап, отандасымыз Данэлия Тулешоваға дауыс бере аласыз.

Junior Eurovision байқауын қайдан көруге және Д.Тулешоваға қалай дауыс беруге болатынын сілтеме арқылы көре аласыздар. ДАУЫС БЕРУ

Данэлия елімізде өткен ұлттық іріктеу байқауында көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 10 қатысушының ішінен топ жарған болатын.