Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

Алматыда өткен XIV Шәкен Айманов атындағы Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. «Жол түйісі» бөліміндегі ең үздік кинокартинаға арналған бас жүлдені колумбиялық режиссер Джонни Хендрис Инестростың «Канделари» туындысы ие болды. Биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылған «Ата-бабалар жері» атты түркітілдес елдердің кинематографиялық бағдарламасында бас жүлде ресейлік режиссер Эдуард Новиковқа «Патшалық-құс» фильмі үшін берілді. Ал қазылар алқасының арнайы жүлдесін қытайлық Чжан Лопиннің «Күнбағыс» фильмі жеңіп алды.

НАЗИРА МҰҚЫШЕВА, КИНОТАНУШЫ:

 - Бұл фестиваль олай емес екенін дәлелдейтін бір шара ретінде өте маңызды. Себебі бізде жақсы деректі кино да бар, жақсы аннимациялық кино да бар. Жақсы авторлық кино да бар.

Шәкен Аймановтың дәстүрлі кинофестивалі биылғы жылы тұжырымдаманы өзгертті. Енді жас пен аймақтарға шектеу қойылмайды. Сонымен қатар байқау Орталық Азияның жүрегінде түркі әлемінің кинематографистерін біріктіруге бағытталған. Айта кетейік, халықаралық қазылар алқасы Түркия, Иран, Перу және Кубадан келген 45 кинокартинаға баға берді.

БАХРИДДИН АБДУЛЛАЕВ, АКТЕР /ӨЗБЕКСТАН/:

 - Әр фестивальдің басты мақсаты бұл – қарым-қатынас, сонымен қатар пікір алмасу болып келеді. Осының арқасында біз Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда не болып жатқанын білеміз.

Еске салайық, дәстүрге айналған Халықаралық кинофестивальде Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындары қазіргі әлем мен отандық кинематографтардың үздік туындыларын 5 күн бойы тамашалай алады.