Парижде Қазақстанның танымал пианисі Жәния Әубәкірованың концерті өтті

Парижде Қазақстанның танымал пианисі Жәния Әубәкірованың концерті өтті

«Жәния Әубәкірова және жұлдыздар». Осындай атаумен Парижде Қазақстанның танымал пианисі Жәния Әубәкірованың концерті өтті. Кеш музыкант шығармашылығының 30 жылдығына орай берілді.

Сонымен қатар Франция төрінде беделді байқаулардың лауреаттары өнерлерін ортаға салды. Олар әлемдік классика жауһарлары енген екі сағаттық бағдарламаны ұсынды. Көрермендер ерекше эмоция мен орындау мәнерлілігін атап өтті. Бұл концерт Франциядағы Қазақстан күзінің жалғасы болды. Ол Париж халқын біздің ел мәдениетімен таныстыруды көздейді.

ЖӘНИЯ ӘУБӘКІРОВА, ПИАНИНОШЫ, ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ:

-  Мен жаңа бағдарламаны, жаңа шығарманы үйреніп, жыл сайын, ай сайын, күн сайын ізденіп жүремін. Мен камералық музыка бағдарламасын өте жақсы көремін. Мен былтыр жеке концерт қойсам, биыл камерный концертімді беріп жатырмын.

СӘНИЯ ДҮРКЕЕВА, ВИОЛЕНЧЕЛЬШІ, ЦЮРИХ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАСТЕРІ:

 - Бізді, яғни Еуропадағы жас таланттарды бірге жинап, осы керемет залда өнер көрсетуге мүмкіндік жасағанына өте қуаныштымын. Мен үшін Жәния Яхияқызы - үлкен тұлға. Ұстаз ретінде біз одан көп нәрсені үйреуіміз керек.

Концертте Бах, Шопен, Шнитке мен Шуберттердің ең күрделі шығармалары орындалды. Француз көрермендері артистердің өнеріне тәнті болды.

АЛЬБЕР ФИШЛЕР, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР:

 - Француз тыңдарманы өте талғампаз. Бірақ сол талғампаз көрермен Парижде Бахтың хоралын ешқашан пианино мен аккордеонның бірігіп сүйемелдеуінде тыңдап көрмеген еді. Енді соған куә болды. Жәния Әубәкірованың осындай жас таланттармен бірге өнер көрсетуі үлкен құрметке лайық. 

«Жәния Әубәкірова және жұлдыздар» концерті Еуропаның Австрия, Германия, Польша және т.б. басқа елдерінде өтеді.