«Абай» операсының Италиядағы қойылымы

«Абай» операсының Италиядағы қойылымы

«Астана Опера» Генуя қаласында өнер көрсетті. Қазақ операсының жауһарларын сахналау үшін Италияға 300-ден астам маман барды.  Өнер ұжымы көне «Карло Феличе» театрындағы гастролін «Абай» операсының тұсаукесерінен бастады. Қойылым алдында театр әртістері Генуяның орталық көшесінде атақты операдан үзінді орындап, жұртшылықты таңырқатты.

АЛАН БӨРІБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАС ДИРИЖЕРІ:

-  Мұхтар Әуезовтың ұлы шығармасын музыка тілімен жеткізуге тырыстық. Екінші жағынан, бұл қойылым Қазақстанның рухани байлығын көрсеткен жолдауымыз болған.

«Карло Феличе» театры XIX ғасырда салынған. Өнер ордасы II дүниежүілік соғыстан кейін жабылып, ұзақ уақыт жөндеуден өтті. Бүгінде театрдың үлкен залына 2 мың көрермен еркін сыйады. Бұл сахнада әлемнің талай танымал тұлғалары өнер көрсеткен.

ДЖУЗЕППЕ АКУАВИВА, «CARLO FELICI» ТЕАТРЫНЫҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ:

 - «Абай» операсына келетін болсақ, бұл репертуарымыздағы ең зор қойылым деп ойлаймын. Ол қазақ халқының дәстүрін көрсетеді. Билеттердің көп дерлігі бірден сатылып кеткенін білемін. 

Жергілікті көрермен қойылымның мағынасын түсіну үшін арнайы субтитрлер дайындалған. Жалпы қойылым  әлемнің 40 елінде көрсетіледі.

МИМИ КОСТА, КӨРЕРМЕН:

 - Бұл ғажап қойылым. Сценографиясы, кейіпкерлері, киімдері, айрықша дауыстары таң қалдырды. Біз көз үйретіп, тыңдап жүргендерімізден бөлек. Сахнада болып жатқан оқиға да өзінше ерекше.

Қазақстандық театрдың Генуядағы гастрольдік сапарының шымылдығы симфониялық оркестрдің орындауындағы Бетховенның әйгілі «№9 сифониясымен» жабылды.