«Әміре» фильмі голливудтық кинофестивальде жүлде иеленді

Қазақстандық  «Әміре» көркем фильмі Голливудте «Hollywood Film Festival» кинофестивалінде жүлделі болды. Қазақтың біртуар әншісінің қысқа да жарқын ғұмырын баяндайтын отандық кинотуынды Германия, Франция, Чили, Жапония және Швеция секілді елдерден қатысқан фильмдердің ішінен топ жарып, үздік атанды. Бұл туралы ондағы басты рөлді сомдаушы актер Санжар Мәдиев өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады. Жалпы дүниежүзілік кинематографияда музыкалық драма жанрында түсірілген фильмдер көп емес. Сондықтан бұл жанрдағы картинаның кино әуесқойларына ерекше әсер еткені анық. Заманында Парижде ән шырқап, кәрі құрлықтың талғампаз жұртын таңдай қақтырған қазақ тенорына арналған туынды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген болатын.